Ауылдық жерлердегі күрделі инвестициялар бір жылда 36%-ға азайды

1005

Биылғы жылдың қаңтар–наурыз айларында ауылдық жерлерде негізгі капиталға инвестициялар 1 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 35,4% аз. Нақты құлдырау 36,2% көлемінде, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ауылдық жерлердегі күрделі инвестициялар бір жылда 36%-ға азайды Фото: inbusiness.kz

Салыстыратын болсақ, өткен жылы қаңтар–наурыз айларында инвестициялар көлемі 1,6 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде 7,7%-ға артты.

Өңірлердің ішінде күрделі инвестициялардың ең көп көлемі Атырау облысының ауылдық жерлеріне құйылған. ҚР-дан 45,8% немесе 462,1 млрд теңге.  Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 51,5%-ға аз. Жетекші үштікке Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары да кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың басында елімізде халы саны 18,9 млн-ға жетті. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3%-ға көп. Оның ішінде 40,9% , яғни 7,7 млн адам ауылдарда тұрды. Көрсеткішбір жыл ішінде 0,1%-ға азайған.

Орта есеппен бірінші тоқсанда әрбір тұрғынына бір жыл бұрын 202 мың теңгеден, биыл 130,6 мың теңгеден инвестиция келді. Жан басына шаққандағы ең көп күрделі қаржы Атырау облысына түсті: 1,5 млн теңге. Сондай-ақ көшбасшылар арасында Ақтөбе (255,9 мың тг) және Батыс Қазақстан (166,2 мың тг) облыстары бар. Ең төменгі мән Түркістан облысында тіркелген-барлығы 17,5 мың теңге.

Биылғы жылдың үш айында барлық күрделі салымдар көлемінің ішінде ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарға арналған шығындар 469,2 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 27,2%-ға аз. Тағы 211,7 млрд теңге (бір жылда ақшалай мәнде 48,8% азайған) машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарын сатып алуға және оларды күрделі жөндеуге бағытталды.

Серік Селеубайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу