Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған мамандарға қанша жәрдемақы төленеді?

476

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген сала өкілдеріне ұсынылатын әлеуметтік қолдау шараларының мөлшерін айқындады.    

Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған мамандарға қанша жәрдемақы төленеді? Фото: azattyq-ruhy.kz

Құжатты жария талқылау "Ашық НҚА" порталында 22 мамырға дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ұсынылатын әлеуметтік қолдау шараларының мынадай мөлшері:

  1. көтерме жәрдемақы 100 АЕК-ке (345 мың теңге) тең сомада;
  2. тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит 1500 АЕК-тен (5 175 мың теңге) аспайтын сомада айқындалсын", - делінген құжатта.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу