Ауылға барған адам ғана тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінеді

631

Министр мәжіліс төрағасын ашындырды. 

Ауылға барған адам ғана тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінеді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннен сөз естіді. 

Министр мәжілістің жалпы отырысында экологиялық кодекстің жобасын қорғады. Өз кезегінде мәжіліс төрағасы заң жобасының шикілігіне назар аударып, министрге ауылға барып келуді ұсынды. 

"Заң жобасын қарасақ былай: мәселен Қарағанды облысы Ұлытау ауданы тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ал ол облыс орталығында орналасқан. Ол, тіпті, 5 емес, 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырым жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Неліктен? Сіз кодексте "100 және одан төмен бас үшін" деп жазасыз. Оған яғни мал болсын, құс болсын кіреді. Ол санға 99 малды да, 1 малды да кіргізуге болады. Әлбетте, бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін кері әсері мол екенін түсініп алу керек. Бұл норманы жазған кезде ойлану керек еді", – деді Нұрлан Нығматулин. 

Ол заң жобасының нормаларын жазған адамдар ауылда болғанына күмән келтірді.  

"Шіркін, осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой. Сонда ол адам тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінетін еді. Қалай ойлайсыз, министр мырза? Кодексті қабылдағаннан кейін ауылға барып келіңіз", – деді Нұрлан Нығматулин. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу