Ауылға барған медицина қызметкерлеріне 3 млн теңге беріледі

1058

Ауылдық жерге көшіп барған әрбір медициналық қызметкерге 3 миллион теңге беріледі, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ауылға барған медицина қызметкерлеріне 3 млн теңге беріледі

Оған қоса, баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осылайша, денсаулық сақтау министрлігі алдағы үш жылда ауылдағы ақ халаттылардың  тапшылығын жоймақшы. Бұған дейін қоныс аударған дәрігерлерге 300 мың теңге берілсе, енді бұл көрсеткішті 1 мың айлық есептік көрсеткішке көбейтпек. Жауаптылар 3 жылда дәрігерлердің жалақысы екі жарым есеге өседі деп жоспарлап отыр. Айта кету керек, бұл "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасының бір парасы ғана. Сондай-ақ, 3 жарым мың ауыл толықтай модернизациядан өтпек. Бүгінде  елімізде 7 мыңға жуық ауыл бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу