Ауыл шаруашылығы саласындағы ЖОО гранттарын иеленген түлектердің 51 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асқар Наметов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
"Өкінішке қарай, кадр мәселесі қолбайлау болып отыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы гранттарды иеленген түлектердің 51 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Бұл ретте, 40 пайызы – ауыл шаруашылығында еңбек етсе, 12 пайызы алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ал 37 пайызы оқу бітірген жылы түрлі себептермен жұмысқа орналаса алмайды екен. Гранттардың тиімділігін арттыру үшін сараптама жүргізудеміз. Бұл – саланы кадрлармен қамтамасыз етудегі маңызды фактор", – деді Асқар Наметов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Ғалым бұл мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы саласын таңдайтын ауыл балаларына берілетін квота көлемін көбейту керек дейді.