Ақмоланың орталығы Көкшетауда ауылшаруашылық техникаларының сервистік орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Алып нысанның құрылысы 2017 жылы басталған. Нысан тамыз айында іске қосылады. Мұнда тек ақмолалықтар ғана емес, өзге өңір шаруалары да техникаларын жөндетіп немесе осында өткізіп, орнына жаңасын ала алады. Оларға 200-ге жуық шебер мен мамандар қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, мұндай сервистік орталықтар Еуропа мен Ресейде жақсы дамыған.
"Алып кешен 3 нысаннан тұратын болады. Олардың жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден асады. Яғни мұнда көрме залы, техниканы тестіден өткізу алаңы, жөндеу бөлігі – бәрі жайғастырылады. Жаңа техникамен қоса шаруалардан қабылдаған ескі техниканы да толықтай жөндеп, арзан бағада қайта сатылымға шығарамыз", – дейді жоба жетекшісі Қайрат Ермағамбетов.