Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова бокстан Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға сөз арнады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Назым, сен – мықтысың! Қазақтың қоржынын қоламен толықтырдың! Үйіңнің алдына ғана емес, ауылыңа қарай асфальт салып берсе де, жарасады. Шынын айтсам, қыздар боксын көре алмайды екенмін. Өте ауыр спорт түрі", – деп өз ойымен бөліскен.
5-тамызда Париж олимпиадасынан чемпион боп оралған Елдос Сметовтың туған ауылына жергілікті әкімшіліктің абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны жөнінде бейне ролик жарияланған болатын. Жамбылдық журналист Исламбек Дастан өзінің Facebook парақшасында жүктеген видеода Олимпиада чемпионы тұратын көшенің асфальттанып жатқанын тілге тиек еткен.