Ауыр атлет Артем Антропов қола жүлдеге ие болды

1024

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

 Ауыр атлет Артем Антропов қола жүлдеге ие болды

Құрлықтық біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. 

Бүгін, 24 сәуір күні аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Рахат Бекболат пен Артем Антропов қатысты. 

Нәтижесінде, Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 390 (168+222) келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Ал 386 (173+213) келіні көтерген Рахат Бекболат жарыста бесінші болды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу