Ауыр атлет Илья Ильин сүйінші жаңалығымен бөлісті

543

Танымал спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында сәбилі болғанын жеткізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Ауыр атлет Илья Ильин сүйінші жаңалығымен бөлісті Фото: видео скриншот

"Сүйінші! Қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады. Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматы Ильина Аили Ильинична деп аталады. Бізде жоспарлы кесарево болды, бәрі жақсы өтті. Бойы - 50 см, салмағы - 3 кг 178 г. Бізді қолдаған жандарға алғысымыз шексіз. Сендерді қатты жақсы көреміз", - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, бұл Илья Ильиннің екінші некесінен туған қызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу