Ауыр атлетика федерациясының президенті сайланды

1328

Ауыр атлетика федерациясының президенті сайланды

2018 жылдың 1-наурызында Астанада Қазақстан ауыр атлетика федерациясының сайлау конференциясы өтті. ҚР ААФ-ның 2013-2017 жылдар аралығындағы жұмыстарының негізгі қорытындылары шығарылды, сондай-ақ Жанат Түсіпбеков ұлттық федерация президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды prosports.kz. 

"Облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда 16 өңірлік федерациялардың құрылуы ҚР ААФ-ы дамуының маңызды кезеңі болды. Оның ішінде негізгі басымдық деп ол жерлердегі инфрақұрылымдық дамуды айтуға болады. Осы есептік кезеңде Қазақстанның 7 ірі қаласында, сондай-ақ жекелеген аудан орталықтарында ауыр атлетикаға арналған залдар жөнделді және пайдалануға берілді. Өңірлерге 150-ден астам спорттық жабдықтар бөлініп, таратылды, әдістемелік оқулықтар және жеке спорттық киім-кешектермен қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр", - деді өз сөзінде ҚР ААФ Жанат Түсіпбеков. 

Астанада ҚР ААФ сайлау конференциясымен бірге, IWF бес құрлық федерацияларының басшылығы мен президенттері қатысқан халықаралық ауыр атлетика федерациясы(IWF) құрлықаралық комиссия отырысы қоса өтті. 

"Қазақстанда нағыз талантты спортшылар, жасөспірімдер мен қыздар өте көп. Сіздердің олимпиадашыларыңыздың Токио Олимпиадасында керемет жетістіктерге жететініне сенімім зор. Оған таза спорт пен әділ ойындар жағдайында жоғары нәтижеге қол жеткізесіздер", - деп атап өтті IWF президенті Тамаш Аян. 

ҚР ААФ-ның жаңа кезеңдегі негізгі міндеттерінің ішінде жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру, допингке қарсы күресті күшейту және спортшыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары кіреді. Сондай-ақ басым бағыттардың арасында жергілікті ауыр атлетика федерацияларн дамыту, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және инвестиция тарту сынды мәселелер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу