Ауыр атлетикадан Өзбекстанда (Ташкент) өткен 2021 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ташкентте өткен жарыста қазақстандық спортшы Арли Чонтей барлық қарсыласын жеңіп, алтын медальға ие болды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 11-орынға тұрақтады.
Оңтүстік Корея спортшылары 4 алтын, 1 күміс 2 қола иеленіп жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Екінші орында Өзбекстан құрамасы: 2 алтын, 3 күміс медаль.
Үшінші орында Таиланд құрамасы: 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль.
Жалпыкомандалық есеп төмендегідей:
1. Оңтүстік Корея – 4-1-2 (7)
2. Өзбекстан – 2-3-0 (5)
3. Таиланд – 2-2-1 (5)
4. Колумбия – 1-4-0 (5)
5. Грузия – 1-1-1 (3)
5. Иран – 1-1-1 (3)
7. Қытайлық Тайбэй – 1-1-0 (2)
7. АҚШ – 1-1-0 (2)
9. Болгария – 1-0-1 (2)
9. Украина – 1-0-1 (2)
11. Қазақстан – 1-0-0 (1)
11. Мысыр – 1-0-0 (1)
11. Индонезия – 1-0-0 (1)
11. Монғолия – 1-0-0 (1)
11. Тунис – 1-0-0 (1)
16. Армения – 0-1-2 (3)
17. Ұлыбритания – 0-1-1 (2)
17. Жапония – 0-1-1 (2)
19. Албания – 0-1-0 (1)
19. Нигерия – 0-1-0 (1)
19. Катар – 0-1-0 (1)
22. Ресей – 0-0-3 (3)
23. Молдова – 0-0-1 (1)
23. Норвегия – 0-0-1 (1)
23. Сауд Арабиясы – 0-0-1 (1)
23. Швеция – 0-0-1 (1)
23. Түркия – 0-0-1 (1)
23. Венесуэла – 0-0-1 (1)