Қазақстан қоржынына Карина Құзғанбаева алтын медаль салды, деп хабарлайды Olympic.kz.
81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Каринаға ешкім тең келмеді. "Алтынды" 224 кг (98+126) нәтижесімен жеңіп алды. Сонымен қатар, Карина "кіші" алтын медалін жұлқа көтеруден және тағы біреуін серпе көтеруден иеленді.
Күміс жүлде кореялық Хен Чжу Чжанға бұйырды. Спортшы 221 кг (97+124) нәтиже көрсетті. Үшінші орынға ресейлік Екатерина Визгина табан тіреді. Бойжеткен 206 кг (93+113) нәтижесімен "қола" алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін чемпионаттың күміс медалін Артем Антропов қанжығаға байлаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу