Ташкентте ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 385 (164+221) келіні бағындырды. Мұндай нәтиже серпе бойынша кіші күміс жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Ал қоссайыс нәтижесінде жарыстың қорытынды кестесінде төртінші орынға ие болды.
Айта кетерлігі, ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем біріншілігінде бұған дейін Қазақстан құрамасынан Арли Чонтей топ жарып, ел қоржынына алғашқы алтынды салған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу