Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы бесінші орынға тұрақтады

477

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы бесінші орынға тұрақтады Фото: olympic.kz

Құрлықтық додада спортшыларымыз бір алтын, бір күміс, үш қола медаль алды.

Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды.

Тағы бір қазақстандық Артем Антропов (109 келі) екінші орынға жайғасты.

Оған қоса Арли Чонтей (55 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Андас Самарқанов (109 келі) қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшылар дәл осындай көрсеткішке қол жеткізген Өзбекстан құрамасымен бесінші орынды өзара бөлісіп тұр.

Көш басында барлығы 14 медаль (9-5-0) алған Қытай тұрса, одан кейінгі орындардағы Тайваньның 5 (2-1-2), Оңтүстік Кореяның 10 (1-5-4), Таиландтың 6 (1-2-3) медалі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу