Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Алдияр Нұралинов мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Айта кетелік, бүгінде ерлер және әйелдер командаларына жекелеген бас бапкер тағайындау туралы шешім қабылданды. Бұған дейін командалар бір бапкердің қоластында жаттығатын.
"Құраманы ерлер және әйелдер командасы ретінде екіге бөлу өте пайдалы әрі ыңғайлы болады деп есептейміз. Өйткені екі команданың дайындық стилінде ерекшеліктер бар. Сондай-ақ команданы осылай екіге бөлу арқылы штаттағы бапкерлер мен спортшыларға бөлінетін орын санын көбейтеміз", – деді бас хатшы Алдияр Нұралинов.
Айта кетелік, Ташкенттегі әлем біріншілігі бүгін басталды. Әлемдік дода 17 желтоқсанға дейін жалғасады.