Ауыр атлетикадан Екатерина Быкова қола жүлде алды

680

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан қоржыны қоламен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Ауыр атлетикадан Екатерина Быкова қола жүлде алды

Бүгін әйелдер арасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшылар жүлдені сарапқа салды. Аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан жарыс жолына екі спортшы шықты. 

Екатерина Быкова 213 кг (91+122 кг) көрсеткішімен үшінші сатыдан көрініп, кіші қолаға қол жеткізді. Сонымен қатар, жұлқа көтеруде кіші күміске ие болды. 

Тағы бір қазақстандық спортшы қоссайыс нәтижесінде 200 (86+114) келіні бағындырып, құрлықтық біріншілікте төртінші орыннан көрінді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу