Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты онлайн режимінде басталды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі.
Ауыр атлетикадан республикалық біріншілік онлайн форматта басталды. Ел біріншілігіне ұлттық құрама сапындағы бірінші нөмерлі спортшылардың басым бөлігі қатысады.
Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, ерлер арасында 45 және 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар өзара бақ сынайды.
Қазақстан чемпионаты 27 қарашаға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу