Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу құқығынан айырылды

1028

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу құқығынан айырылды

2008 және 2012 жылдардағы олимпиада ойындарында допинг заңдылықтарын үш және одан да көп  рет бұзған тоғыз құрама команданы жылдық дисквалификациялау күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар. Әр федерация бұл шешімге 21 күн ішінде шағым беруіне болады. Үш және одан да көп тәртіп бұзушылықтар Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдава, Ресей, Түркия және Украина елдерінде де болды. Бұл командалардың барлығы дерлік Қазақстанмен қатар әлемдік ауыр атлетикада жоғары позицияға ие.

Айта кетейік, 2016 жылдың қараша айының соңында Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлет Илья Илиннің  допинг сараптамасынан тыйым салынған заттар табылғаннан кейін, 2008  және 2012 жылдардағы олимпиада ойындарында еншілеген алтын медальдарын қайтарып алған болатын. Сонымен қатар, қазақстандық  зілтемірші Светлана Подопедова, Зульфия Чиншанло және Майя Манезалар да әртүрлі мерзімге 2012 жылғы Лондон олимпиадасынан алған алтын медальдарынан айырылып, түрлі мерзімге дисквалификацияланған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу