Допинг дауымен аты шыққан бапкер Алексей Ни жазасын алды

4962

Алексей Ни бас бапкер болған кезде Қазақстан допинг сынамасын қайта тексеріп, Олимпиаданың 5 алтынынан айырылған еді.

Допинг дауымен аты шыққан бапкер Алексей Ни жазасын алды Фото: vesti.kz

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының хабарлауынша, Ни қазір спорттан уақытша шеттетілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"63 жастағы маман уақытқа спорттан шеттетілген. 2017 жылы ХОК жанынан құрылған Халықаралық тестілеу агенттігі тараздық азаматты өмір бойына дисквалифицировать туралы ресми хабарлама жіберген. Осы атышулы іс бойынша ITA тергеуі қазір аяқталуға жақын", – деп хабарлады Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы.

Федерация сонымен қатар Алексей Нидің жетекшілігімен ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген ағасы Виктордың да жазаға тартылатынын айтты. Виктор Ни 4 жылға уақытша дисквалификацияланған.

Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Нижат Рахимов осы жүлделерді жеңіп алғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң алтындарынан айырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу