Ауыр атлетикадан жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қазақстандық Надежда Ногай допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Vesti.kz-ге сілтемемен 24.kz.
Ақпарат Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтында жарияланды.
Спортшы тергеу біткенше жарыстардан шеттетілді.
Ногайдан алынған сынамадан дәл қандай препараттар ізіне күдік бары айтылмады.
Еске салайық, Надежда Ногай 2011 және 2015 жылғы 20 жасқа дейінгі әлем біріншілігінде жеңімпаз болды. Сонымен бірге, ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын үш рет жеңген (2011, 2012, 2013).