Ауыр атлетикадан ҚР құрамасы әлем чемпионатынан ресми шеттетілді

740

Ауыр атлетикадан ҚР құрамасы әлем чемпионатынан ресми шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасын алдағы уақытта АҚШ-тың Анахайма қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысудан шеттетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сондай-ақ Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қытай, Молдова, Түркия және Украина мемлекеттерінің ұлттық құрамалары бір жылға дисквалификацияланды. IWF-тің Атқарушы кеңесінің отырысы бүгін Бухарестте өтті. Атқарушы кеңес мұндай қадамға допингке қарсы реформалар аясында "таза" спортшыларды қорғау мақсатында барғандарын мәлім етті. Аталған барлық елдер спортшыларының 2008 және 2012 жылдарғы Олимпиада ойындарындағы допинг-сынамаларын қайта тексеру кезінде зертхана нәтижесі кем дегенде үш рет оң нәтиже көрсеткен. 

Еске сала кетейік, 2008 және 2012 жылғы олимпиадалардың сынамаларын қайта көтеру кезінде Қазақстан құрамасының спортшылары Илья Ильиннен, Майа Манезадан, Светлана Подобедовадан, Зульфия Чиншанлодан (барлығы алтын медаль иеленген), Ирина Некрасовадан ("күміс"), Мария Грабовецкаядан ("қола") допинг табылды.

Олимпиада комитеті аталмыш спортшылардан олимпиада жүлделерін кері қайтарды. Өткен жылдың 22 маусымында IWF Атқарушы кеңесі бір елден үш спортшыдан допинг табылса, ол елдің ауыр атлетика федерациялары 1 жылға спорттық жарыстардан шеттетілетіндігі туралы қаулы қабылдаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу