Ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына екі-ақ лицензия ала аламыз

951

Ұлттық құраманың қарқыны бәсеңдеп қалды.

Ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасына екі-ақ лицензия ала аламыз

Сенатта "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. 

Жиында сенатор Владимир Волков Лондон Олимпиадасына елімізден 115,  Рио-де- Жанейродағы жазғы Олмипиадаға 104 спортшысы қатысқанын тілге тиек етіп, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға қатысу үшін 12 спорт түрінен небары 28 лицензия алғанымызды айтты. 

"Олимпиаданың басталуына алты айдан астам уақыт қалды. Токио Олимпиадасына қанша спортшыны қатыстыруды жоспарлап отырсыздар?" – деп сұрады ол мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловадан. 

Министр мәселенің мән жайын допинг дауымен байланыстырып түсіндірді. 

"Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларының 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алу қарқыны бәсеңдеп қалды. Бұған ауыр атлетикамен айналысатын спортшыларымызға берілетін лицензия санының қысқаруы да себеп болып отыр. Спорттың осы түрінен алдағы Олимпиадаға тек екі-ақ лицензия алу құқымыз бар. Жеңіл атлетика 20 лицензия алатын спорттың бірі еді. Допинг дауының салдарынан биыл лицензия алу талабы қатаңдатылды. Бұл жолы спортшыларымыз 10-12 лицензия алады деп отырмыз. Қиындықтарға қарамастан, ұлттық құрама алдағы іріктеу жарыстарына тас-түйін дайындалып жатыр. Лицензия санын көбейтеміз деп үміттенеміз", –  деді Ақтоты Райымқұлова.

Оның сөзінше, лицензия 2020 жылдың шілдесіне дейін беріледі. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу