Ерлерді Нұржан Смаханов, әйелдерді Иван Сивохин бастаған мамандар жаттықтыратын болды. Бұдан бұрын федерация Ұлттық олимпиада комитеті, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып, Қазақстан ұлттық құрамасын екі командаға – ерлер мен әйелдерге бөліп басқару туралы шешім қабылдаған болатын.
"Нұржан Дәуренбекұлы мен Иван Павловичтің екеуі де – жоғары білікті мамандар. Құрама командада жұмыс тәжірибесі бар. Алдағы уақытта да нәтиже шығаратынына сенемін. Командалар биылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты денсаулық жағдайымен барлық спортшылар түгел қатыса алмады. Дегенмен 13 ақпанда басталатын екінші жиынға қос команда да толық құрамда келеді деп үміттенеміз", – деді федерацияның бас хатшысы Алдияр Нұралинов.