Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған республикалық бәсекеге 20 жасқа дейінгі жасөспірім атлеттер мен 23 жасқа дейінгі жас спортшылар қатысуда.
Қазақстан біріншілігі биыл алғаш рет онлайн ұйымдастырылып отыр. Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай шешім қабылданған.
1 қарашада басталған ел біріншілігі 7 қарашаға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу