Ауыр атлеттерге төрешілер психологиялық қысым жасады

1407

Ауыр атлетика федерациясының өкілі, Мемлекеттік жаттықтырушы Мендіхан Тәпсірұлы бүгін арнайы брифинг барысында осылай деп, "Токио-2020" ойынына қатысты өз бағасын берді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ауыр атлеттерге төрешілер психологиялық қысым жасады

Айтуынша, қола жүлде алған қос спортшының бірі – Зүлфия Чиншанлоға Олимпиадада шынында да психологиялық кедергілер жасалған. Тіпті сайыс кезінде оны байқаған бапкерлер төрешілер ұйымына ескертіп, ойын видеосын қайта көрсетіп шыққан. Бірақ бәрібір негізгі шешім өзгеріссіз қалған. Енді кештетіп аппеляцияға шағым түсіру орынсыз. Ал екінші спортшы Игорь Сон өзіне қатысты ондай әрекеттердің болмағанын айтады. Зілтемірші ұтқан ақшасын толығымен сал ауруына шалдыққан бауырының еміне жұмсамақшы. Қола медаль иегерлеріне 75 мың доллардан сыйақы беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу