Ол "Рэкетир" фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдаған болатын.
– Сәлем. Баршаңызға көп рахмет айтқым келеді. Сіздерге тек жақсылық тілеймін. Сіздерге, отбасыларыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет! Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Ауырмаңыздар, мен де тезірек жазылуға тырысамын, – деді Мұрат Бисенбин.
Актердің қатерлі ісікке шалдыққанын әріптесі Саят Исембаев хабарлаған еді.
– Сіздерден көмек керек. Әріптесіміз ауыр дертке шалдықты. Онкология. Қазір емделіп жатыр. Рухы жанышталған жоқ, – дейді Саят Исембаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу