Ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға қашан тыйым салынады

240

Заңнамалық түзетулер ҚР Үкіметі регламентінің 124-тармағының аясында ҚР Парламентінде қаралып жатқан заң жобалары арқылы жүзеге асырылады.

Ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға қашан тыйым салынады Фото: canva.com

ҚР Көлік министрлігі карьерлік ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдармен жүруіне тыйым салуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

"2022 жылы "Автомобиль көлігі туралы" Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген жалпы салмағы белгіленген нормадан асып кетсе, жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарда жүктерді тасымалдауға тыйым салу ескерілген. Қазіргі кезде министрлік жалпы пайдаланымдағы автожолдар бойынша ауыр салмақты (жүксіз салмағы 12 тоннадан асатын) осындай көліктермен жүктерді тасымалдауға тыйым салуды енгізу мерзімін 2025 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру бөлігінде тиісті жұмысты атқарып жатыр", - делінген министрлік жауабында.

Ведомство мәліметінше, заңнамалық түзетулер ҚР Үкіметі регламентінің 124-тармағының аясында ҚР Парламентінде қаралып жатқан заң жобалары арқылы жүзеге асырылады.

"Көрсетілген іс-шаралар арқылы ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін бақылау мәселелерін шешу және көліктік бақылаудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жоспарланып отыр", - деп аталып өткен Көлік министрлігі ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу