Ауыр қылмыс істегендер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайтын болады

926

Адам өлтіру, қарақшылық және тағы басқа сияқты ауыр қылмыс істегендерге қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату доғарылады.

Ауыр қылмыс істегендер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайтын болады

Бұл президент жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында қарастырылған. Жоспар туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Бұдан басқа нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі стратегиялық бағдарламалық құжат әзірленеді.

"Заң үстемдігі мен сот төрелігінің әділ атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңнамаға, оның ішінде сот төрағаларын судья лауазымдарына өзгертіп, судьялардың тәуелділігін төмендете отырып, олардың тең мәртебесін қамтамасыз ететін өзгерістер енгізу көзделеді", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу