"Ауыр қылмыс": СІМ Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық туралы айтты

315

Бұл іс бойынша аппеляция берілген.  

"Ауыр қылмыс": СІМ Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық туралы айтты Фото: stan.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандықтың тағдырына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сот шешімі қабылданды. Бұл – Дубайдың бірінші инстанциядағы сотының шешімі. Аппеляция берілді, соның негізінде адвокаттар жұмыс істейді. Бұл іс қайтадан қаралады. Екінші аппеляциялық сот шешімді қабылдағаннан кейін нақты шешім болады. Бұл – ауыр қылмыс", – деді Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында.

Журналистер "Отандасымыз Қазақстанға ауыстырылса, үкімі өзгеруі мүмкін бе?" деп сұрады.

"Бізде экстрадиция деген бар. Бұл екіжақты келісімдердің негізінде істіленеді. Бәрі рет-ретімен жүруі тиіс. Ең біріншіден, сот шешімі шығуы керек. Оның негізінде азаматымыз немесе үшінші мемлекеттің азаматы сотталуы керек, одан кейін қол қойылған құжаттардың күші іске қосылады. Біраз мемлекеттермен экстрадиция бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылған", – деп атап өтті СІМ өкілі.

Айта кету керек, бұған дейін 22 жасар қазақстандықтың Дубайда өмір бойына сотталып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу