Ауыр қылмыс жасап, Қазақстанда тығылып жүрген шетелдік ұсталды

990

Күдікті Алматыда жасырынып жүрген. 

Ауыр қылмыс жасап, Қазақстанда тығылып жүрген шетелдік ұсталды

Алматының көші-қон қызметі мен криминалдық полиция мамандары "Келімсек" іс-шарасы кезінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін өз елінен қашып, іздеуде жүрген шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қалалық криминалдық полиция қызметкерлері біздің бөлімнің өкілдерімен бірге Тәжікстан Республикасының азаматы,  Гиссар қаласының тұрғыны - 1995 жылы туған М.есімді азаматты ұстады. Ер адамның 2017 жылдан бастап  Гиссар аудандық ІІМО-мен Тәжікстан Республикасының ҚК-нің 141 бабы 2 бөлімі - кәмелетке толмағандарды қорлау бойынша қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды. Ұсталған адамды экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің елімізде болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алматы қаласында "Келімсек" жалпыреспубликалық жедел-алдын-алу  іс-шарасы басталғанын еске салады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу