Ауыр науқастардың шетелде емделуіне 1,6 миллиард теңге бөлінді

823

Ауыр науқастардың шетелде емделуіне 1,6 миллиард теңге бөлінді

ҚР денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық науқастар емделуге жіберілетін бес мемлекетті атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің хабарлауынша, ҚР бюджеті есебінен пациенттерді шетелге емдеуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан жыл басынан бері 68 науқасқа қорытынды келіп түскен.

"Қазақстан азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге жіберу мәселесін комиссия шешеді. Ол комиссияның құрамында уәкілетті органның өкілдері, арнайы мамандандырылған дәрігерлер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері кіреді", - дейді министрліктің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова.

Департамент директорының жауабына сәйкес, 2018 жылы бюджет қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарын шетелге емдеуге жіберу үшін 1,6 млрд теңге бөлінген (2017 жылы - 1,59 млрд теңге).

"2017 жылы бюджет қаражаты есебінен шетелде емделуді қажет ететін 58 пациент жолданғанын хабарлаймыз. Біз әлемнің Түркия, Үндістан, Ресей, Оңтүстік Корея, Германия елдерінің алдыңғы қатарлы ең озық клиникаларымен жұмыс істейміз", - делінген жауапта.

Айта кетсек, шетелге емделуге жолданған пациенттің шығындары бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу