Көліктік бақылау органдары акция аясында 2019 жылғы 21 мамыр мен 10 маусым аралығында 10 174 автокөлік құралын тексеріп, Қазақстан Республикасының Көліктік заңнамаларын бұзғандығы үшін 202 құқық бұзушылықты (оның ішінде ҚРӘҚбК 571 бабы 6 тармағымен - 178 және 8 тармағымен–24 бұзушылық) анықтады, деп хабарлайды көлік комитетінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 190 құқық бұзушылық қазақстандықтарға және 12–сі шетелдік тасымалдаушыларға қатысты. 34,5 млн астам тенге сомасына айыппұл салынып, жүріп өткені үшін алым сомасы 14 млн астам теңгені құрады.
Акцияның мақсаты - Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың алдын-алу мен ескерту, сондай-ақ ауыр салмақты көлік құралдарымен жолдарға залал келтіруден сақтау болып табылатындығын атап кету қажет.
Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады.
Сонымен қатар автомобиль жолдарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Көлік комитеті арқылы 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында инертті жүк тасымалдайтын өзі аударғыш ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өту фактілері бойынша ахуалдық орталықтың +77080880080 нөмірлі "Whats app" мессенджеріне халықтың белсенді тарапынан бейне өтініштер қабылдау акциясы басталды. Келіп түскен барлық бейне өтініш бойынша Комитеттің аймақтық органдары арқылы әкімшілік сипаттағы шара қолданылуда.
Акция басталғаннан бері "Whats app"мессенджерге 1 025 автокөлік құралдары тасымалдаушыларына қатысты бейне, фото өтініштер келіп түсті.