Ауыр салмақты көліктер үшін автожолдарда уақытша шектеулер енгізілді

659

Жазғы уақытта ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер жылда енгізіледі. 

Ауыр салмақты көліктер үшін автожолдарда уақытша шектеулер енгізілді

Осылайша, еліміздің солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады, деп inbusiness.kz индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер 11:00 мен 21:00 сағат аралығында сақталады.

Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, сағат 10:00-нан 22:00-ге дейін сақталады.

Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу