Ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың саны 1,6 есе азайды

530

Елімізде соңғы 2 айда коронавируспен ауыру көрсеткіші 3,8, өлім саны 3,6 есе төмендеді.

Ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың саны 1,6 есе азайды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, өткен айда коронавируспен аурудың тәуліктік көрсеткіші 2,1 есе қысқарды. 

"Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласы жасыл аймақта тұр. 5 өңір сары аймақта. Нұрсұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әзірше қызыл аймақта", – деді Алексей Цой.

Министр ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың саны 1,6 есе азайғанын айтты. 

"Стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың саны 1,4, амбулаторлық емделудегі науқастар саны 1,3 есе төмендеді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу