Ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтіледі

402

Мұндай көліктер жолды бүлдіреді.  

Ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтіледі Фото: speedcam.online

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ауыр жүк көліктерін бақылау мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз шамамен 220 автоматтандырылған өлшеу жүйесін сатып алып жатырмыз. Бір оське түсетін салмағы 8 тоннадан асатын көліктер қалаға кірмеуі тиіс. Астананың айналасында осындай автоматтандырылған бақылау жүйелерінің желісін құрып жатырмыз. Сонымен қатар "Сергек" камералары жүк көлігінің нөмірін анықтап, оның автоматтандырылған өлшеу жүйесінен өткен-өтпегенін тексереді. Егер өтпесе, бірден айыппұл салынып, көлік айып тұрағына қойылады. Себебі мұндай көліктер жолды бүлдіреді. Қала ішіндегі жолдар ауыр жүк көліктерінің жүруіне арналмаған", – деді министр журналистердің сауалына берген жауабында.

Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, мұндай тәжірибе еліміздің басқа елді мекендерінде де енгізіледі.

"Ауыр жүк көліктері қалаға ғана емес, жалпыға ортақ жолдарға да шықпауы керек. Ауыр жүк көліктерінің жүруі қатаң бақылауға алынады. Премьер-министрдің тиісті тапсырмасы бар, пилоттық жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Қазірдің өзінде жүйелерді орнатып жатырмыз. Ал оларды қалалардағы бейнебақылау жүйелерімен байланыстыру қиын болмайды", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу