Ауыр жүк көліктеріне шектеу кезең-кезеңмен іске асады

1153

Алматы-Қапшағай тас жолында 9 заңсыздық анықталды.

Ауыр жүк көліктеріне шектеу кезең-кезеңмен іске асады

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жол инспекциясының мамандары Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарынан жүк тасымалдайтын көліктердің шектен тыс ауыр жүк таситынын айтып жиі щағымданады. "Стратегиялық және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының президенті Гүлмира Елеуованың айтуынша, мұндай келеңсіздік аталған өңірлерде ауыр жүк тасымалының бақылауы әлсіз болғандықтан белең алып отыр.

Өткен аптада Көлік комитетінің мобильді тобы "Алматы-Қапшағай" тас жолында рейдтік іс-шара өткізген болатын.

"Көлік комитетінің мобильді тобы мен Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының мамандары БАҚ өкілдерінің қатысуымен ауыр жүк тасымалдаушыларға қойылған уақытша шектеулер бойынша рейдтік іс-шара жүргізді. Шара барысында, ауыр жүк көліктерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, 9 бұзушылық анықталды. Оларға инспекторлары әкімшілік хаттама толтырып, заңнамада белгіленген тәртіпте айыппұл салды", – делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан қапратта.

Еске сала кетсек, жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін салмағы 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі шектеу 2020 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында енгізілген болатын.

Солтүстік өңірлерде  бұл шектеу 23 наурыз – 1 мамыр аралығында енгізілетін болады.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу