Бұл көрсеткіш біртіндеп артып келеді. Ең төменгі көрсеткіші 2014 жылы тіркелген – 76,3 мың адам. Содан бері олардың саны 21,8 мың адамға немесе 34,6% өсті.
Ауыр физикалық жұмыспен айналысатын қазақстандықтардың жартысына жуығы өнеркәсіпте – 55,4 мың адам шоғырланған. Олардың жалпы санында металл рудаларын өндіретіндер (15,4 мың адам), сонымен қатар металлургия өнімдерін өндіруге қатысатындар (6,5 мың адам) басым. Бұл ретте 1,9 мың адам көмір, 1,3 мың адам мұнай мен газ өндіру саласында еңбек етеді.
2022 жылы барлығы 1 млн 671,1 мың адам зиянды және қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш сегіз жыл бойы өзгерген жоқ.