Ауырғанын біле тұра маска кимегендер жазаланады – Ержан Саденов

1110

Егер де адам ауырғанын біле тұра масканы кимесе, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Ауырғанын біле тұра маска кимегендер жазаланады – Ержан Саденов

Ауырғанын біле тұра маска кимегендер жазаланады. 14 сәуірде Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қаланың полиция департаментінің басшысы Ержан Саденов осылай деді. 

"Медициналық маска тағу-тақпауға қатысты сұрақтар көп. Масканы тағу керек. Өйткені сіз вирустық инфекция тасымалдап немесе ауруды жұқтырып алуыңыз мүмкін. Егер де адам ауырғанын біле тұра масканы кимесе, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сол себепті полиция масканы міндетті түрде тағуға кеңес береді. Бұл карантин режимінің нормасы", – деді Саденов. 

Өз сөзінде полиция департаментінің басшысы балалардың қауіпсіздігіне де тоқтала кетті.

"Үлкендер үйде болған кезде, балалардың қауіпсіздігіне аса көңіл бөлулеріңізді сұраймын. ТЖ режимі кезінде екі бала терезеден құлап, өкінішке қарай, оның біреуі мерт болды", – деді Саденов. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу