"Ауырып о дүниеге барып келдім": Құдайберген Бекіш неге көрінбей кеткенін айтты

6990

Өнер иесінің сөзінше, аз ғана ғұмырды мәнді өткізе білу керек.

"Ауырып о дүниеге барып келдім": Құдайберген Бекіш неге көрінбей кеткенін айтты Фото: YouTube

Танымал әнші Құдайберген Бекіш ел алдына неге шықпай кеткенін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында коронавирус кезінде қатты ауырып қалғанын еске алды.

"Сырымды айтпап едім. 2021 жылы коронавирустың кезінде қатты ауырдым. Ауырып о дүниеге барып келдім. Маған "қайтпайтын шығар" деді. Бірінші Алла, екінші ақ халатты абзал жандардың арқасында аман-есен қалдым. Сол кезде өмірдің де мәнін білдім. Қайран өмір-ай. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сол кішкентай өмірді бақытты қыламын десең өз қолыңда", - дейді әнші.

Өнер иесінің сөзінше, аз ғана ғұмырды мәнді өткізе білу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу