Ауыз бекітуге мүмкіндігі жоқ мамандар оны кейінге қалдыра алады – ҚМДБ

1270

ҚМДБ төрағасының орынбасары кейін ауыз бекітуге рұқсат етілген қызмет иелерін атады. 

Ауыз бекітуге мүмкіндігі жоқ мамандар оны кейінге қалдыра алады – ҚМДБ

Ауыр жұмыс істейтіндер қызметіне байланысты Рамазан айында ауыз бекітуге шамалары жетпесе оны кейінге қалдыра алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров мәлімдеді. 

"Біреудің өміріне жауапты қызмет иелері ұшқыш, дәрігерлер, кенші, металлург, күрделі нысанда жұмыс істейті құрылысшы және тағы басқа ауыр жұмыс иелерінің ораза ұстауға шамасы жетпесе оны кейінге қалдыра алады. Сонымен қатар елдің қарулы күштері бейбітшілік жағдайынан соғыс жағдайына көшілірген кезде ораза тұту әскердің қырағылығы мен жауынгерлік даярлығын әлсіретуге алып барса оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі. Оның орына басқа күндері ораза ұстайды", – деді наиб мүфти Ершат Оңғаров.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу