Ауыз суды монша мен көлік жууға пайдаланған 25 кәсіпкерге айыппұл салынды

373

Ауыз суды техникалық мақсатта пайдаланған жамбылдық кәсіпкерлер айыппұл арқалады.  

Ауыз суды монша мен көлік жууға пайдаланған 25 кәсіпкерге айыппұл салынды Фото: pixabay.com

Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары Жамбыл облысында ауыз суды техникалық мақсатта пайдаланудың 25 фактісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz.

Су заңнамасын бұзған тұтынушылардың әрқайсысына 74 мың теңгеге жуық айппұл салынып, "Жамбыл су" мекемесіне аталған су пайдаланушылармен келісім шартты бұзу ұсынылды.

Бұдан бөлек, өткен жылы 14 шағын кәсіпкерлік нысанының жерасты суларын заңсыз пайдаланып келгені анықталды. Су заңнамасын бұзғандардың қатарында монша, көлік жуу және өздігінен көлік жуу сынды мекемелер бар. Олаға жалпы сомасы 759 мың теңге айыппұл салынып, толық өндірілді.

Өңірде жерасты суын рұқсатсыз пайдаланушыларға арнайы су пайдалану рұқсатын рәсімдеу туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде, Жамбыл облысы бойынша 27 көлік жуу, бассейн және моншалардың меншік иелері арнайы су пайдалану рұқсатын рәсімдеді.

Айта кету керек, Тараз қаласында 34 бассейн, 137 монша кешені, 146 көлік жуу орындары бар.     

"Судың "қара нарығын" жою және оның шығынын бақылауды қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі бассейндік инспекция штатын 1,5 есе көбейтті. Мәселен, Шу-Талас бассейндік инспекциясында қызметкерлер саны 15 маманға көбейіп, штат саны 25 адамға жетті. Оның ішінде мемлекеттік инспекторлар саны 13 адамға дейін артты. Өңірде су заңнамасы талаптарының сақталуы қатаң бақылауда болуы керек және су пайдаланушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу