Әлем халқының жартысы су тапшылығына тап болуы мүмкін

1906

Соңғы 100 жылда әлем бойынша ауыз су тұтыну екі есеге көбейді. Нәтижесінде халықтың 25 пайызы су тапшылығын сезінуде

Әлем халқының жартысы су тапшылығына тап болуы мүмкін

Нақтырақ айтсақ, әлемде 17 мемлекет су дағдарысына тап болған. Мұнда жаһандағы халықтың 4-тен 1 бөлігі тұрады және олар ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп саласына жергілікті су қорының 80 пайызын қолданады, деп хабарлайды Atameken Business.

Әлемдік ресурстар институты зерттеушілерінің дерегіне сүйенсек, 1960 жылдан бері жаһандық су тұтыну екі есе артқан. Әзірге бұл көрсеткіш көбеймесе, төмендемей тұр.

Бұдан бөлек, әлем халқының 30 пайызы шоғырланған 44 ел бар. Ондағы ауыз су жыл сайын 40 пайыз жылдамдықпен азайып отырады. Мысалы, Үндістанда таза суды пайдалану көрсеткіші соңғы он жылда 54 есе артқан. Халық санының күрт өсуі елді осындай жағдайға душар етіп отыр. Масачуссетс университетінің мамандары, адамдар ауыз суды тазартуды қолға алмаса, 2050 жылға қарай әлемдегі  9,7 млрд халықтың тең жартысы ауыз су тапшылығына тап болады деп болжап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу