Ауыз суға қатысты кейбір мәселелер жергілікті деңгейде шешілуі мүмкін

522

Интерактивті карта іске қосылды. 

Ауыз суға қатысты кейбір мәселелер жергілікті деңгейде шешілуі мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов
елімізде 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төлемін реттейтін заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді. 

"Ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта әзірлеп, іске қостық. Онда көптеген параметрлер бойынша нақты жағдай көрсетілген. Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыретті бөлу бойынша заң жобасы әзірленді", – деді министр.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, тізбені бекіту мен ауыз суға төлем мөлшерін әзірлеу нормасын бекіту функциясы жергілікті атқарушы органдарға берілуі мүмкін. 

"Заң жобасында көрсетілген шараларды іске асыру мынадай мүмкіндіктер береді: салынған оқшау жүйелерді тізбеге енгізуді жеделдетеді; өңірлерге ауыз сумен жабдықтауға арналған субсидияны бөлу мен алуды тездетеді; облыс бойынша орташа тариф пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төлемін реттейді", – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу