Ауызашарда COVID-19 жұқтырғандар тіркелді

641

Індет белгілерімен дәрігерлерге өздері жүгінетіндер саны 40%-ға артқан.

Ауызашарда COVID-19 жұқтырғандар тіркелді

Айжан Есмағамбетованың айтуынша елімізде ауызашарға барып, инфекция жұқтырған жағдайлар анықталған.

"Ауызашарға барып, індет жұқтырған жағдайлар тіркелді. Бұл байланыста болғандар арасында инфекцияның таралуына алып келді", – деді ол. 

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан мен Алматыда COVID-19 белгілерімен дәрігерлерге өздігінен жүгінетіндер саны 40%-ға артқан. 

"Қазіргі кезде коронавирус белгілерімен медицина мамандарының көмегіне жүгінетіндер көбейді. Олардың саны бір аптада 40%-ға артты. Әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарында дәрігерлерге өздігінен жүгінгендер көп. Бұл халықтың карантин аяқталды, ешбір шектеусіз бұрынғы өмірімізге қайта ораламыз деген ойларын айғақтайды. Алайда осы әлеуметтік байланыс пен ұжымдарда санитарлық талаптардың сақталмауы қауіпті індеттің таралуына алып келуде", – деді  бас санитарлық дәрігер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу