Ауызашарды үйге шақырмай-ақ беруге болады

1295

Ол үшін мешіттерде арнайы қоржындар ұйымдастырылған.

Ауызашарды үйге шақырмай-ақ беруге болады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен карантин кезінде Рамазан айында ораза ұстау туралы брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бізде әлі күнге мынадай күмән бар. Ауызашарды тек адамды шақырып беру керек, бір дастарханның басында отыру керек дейді. Жоқ. Бас мүфтидің бастамасымен арнайы ауызашар қоржындары бар. Сіз сол қоржындарға атсалысу арқылы ауызашар беремін десеңіз біздің мешіттерге хабарласу арқылыосы қайырымдылық шараны барып біле аласыз", – деді Бас имам.

Имамның айтуынша, ауызашар қоржынына міндетті түрде ыстық тамақ, сусындар және жеміс-жидек салынады. Оны қала әкімдігі мен мешіттердің жанындағы еріктілер мұқтаж жандардың үйіне таратып береді. Ауызашар берудің жаңа форматы былтырдан бері қолға алынған. Оған әлемді жайлаған пандемия себеп болды.

"Біз "Халал" сертификаты бар компаниялардың өніміне ғана тапсырыс береміз. Негізінен мешіттер өздері ұйымдастырады. Алайда ауызашар жасағысы келетін еріктілер болса келіп қосылып, осы жобаға қатысуына болады", – деді Ерболат Жүсіпов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Рамазан айы 13 сәуір мен 12 мамыр аралығында өтеді. Мамыр айының 9-на қараған түні Қадір түні, ал 13 мамыр күні Ораза Айт мерекесі басталады. Пітір садақаның мөлшері 420 теңге болып белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу