Аузы берік Евгений

1307

Евгений Гончаровты білмейтін ақтөбелік кемде-кем. Ол Ақтөбе облыстық спорт басқармасын басқарады. 

Аузы берік Евгений Фото: inbusiness.kz

Шенеуніктен гөрі спорт сүйер қауым оны чемпион ретінде жақсы таниды. Өйткені, Евгений Гончаров – гір көтеруден 12 дүркін әлем чемпионы. 30 дүркін ел чемпионы. Талай додада топ жарған. Биыл спортшы шенеунік ораза ұстауға шешім қабылдаған. Бұған жақын достарының да ықпалы болғанын айтты.

"Әнуар мен Әсет деген достарым бар, солар ораза туралы айтатын, бізбен бірге ауыз бекіт дейтін.  Пайдасы туралы біраз әңгімелестік. Басында іштей дайын болмадым. Биылғы оразада  ауыз бекітем деп шештім. Әрине, бастапқы бес күн ауырлау болды. Ағзама су керек. Жұмыс барысында қаншама адамды қабылдап, әңгімелесемін, сол жағынан ауырлықты сездім. Ал жетінші күн дегенде  жеп-жеңіл болды. Ислам – Құдайға өзіңді арнау. 

"Құдай бар деп сенсем, бірақ ол жоқ болса- мен ештеңе жоғалтпаймын, ал мен құдайға сенбей, ал ол бар болса- онда  бәрін жоғалтқаным" деген бір жақсы сөз бар. Менің де ұстанымым осыған саяды,- дейді Евгений Гончаров.

Егенийдің айтуынша, кәсіби спортшы ретінде ол 7-8 келіден салмақ тастайтын кездер болған. Ал ауыз бекітуді онымен салыстыруға мүлдем келмейді. Оразада күш жинайтынымды сеземін дейді. Чемпионның ауыз бекітіп, ораза тұтам деген қадамын жақындары мен достары құптап, қолдапты. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу