"Аватар" фильмі қазақ тілінде көрсетілмек

1030

Осы жексенбіден бастап еліміздің кинотеатрларында "Аватар" фильмі қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz министрдің Фейсбук парақшасына сілтеме жасап.

"Аватар" фильмі қазақ тілінде көрсетілмек

"Осы жексенбіден бастап еліміздің кинотеатрларында кинематография тарихындағы ең жоғары кассалы және көрермендер тарапынан зор сүйіспеншілікке ие болған "Аватар" фильмі жаңартылған бейнеде, өңделген дыбыспен қазақ тілінде қалың көрерменге жол тартады. Түпнұсқаны қайта шығарудағы мақсат – кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильм болады деп күтіліп жатқан "Аватар: Су жолы" екінші бөлімінің шығуымен орайластырылып отыр. Оның да  премьерасы ана тілімізде биыл 16 желтоқсанда болады", – деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, "Интервидео" компаниясымен бірлесіп, премьерасы 10 қарашада өтетін  "Қара пантера: мәңгі Ваканда" фильмі де қазақ тіліне дубляждалмақ. 

Ведомство басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатындығын, картиналардың қазақ тіліндегі прокаты көбейетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу