Ақпаратқа сәйкес, "Аватар: Су жолы" барлық уақыттағы ең табысты фильмдердің қатарына кіріп, оныншы орынға тұрақтады.
Премьерадан екі апта өткен соң кинокартинаның кассалық жиыны млрд доллардан асып түсті. Бұл туралы желтоқсан айының соңында хабарланды.
Айта кету керек, осыған дейін режиссер Джеймс Кэмерон "Аватардың" үшінші бөлімі туралы қысқаша айтқан болатын. Оның айтуынша, болашақта фильмде басқалардан ерекшеленетін на’ви кланы пайда болады. Джеймс Кэмерон – "Титаник", "Терминатор", және т.б. картиналардың режиссеры. "Титаник" фильмі үшін "Үздік фильм", "Үздік режиссер" және "Үздік монтаж" номинациялары бойынша үш "Оскар" сыйлығына ие болды.