"Аватар" және "Титаник" фильмдерінің продюсері Джон Ландау қайтыс болды

269

Танымал америкалық продюсер 63 жасында көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Аватар" және "Титаник" фильмдерінің продюсері Джон Ландау қайтыс болды Фото: kanobu.ru

"Әкем Ландау 5 шілдеде Лос-Анджелесте қайтыс болды", – деп хабарлады продюсердің ұлы The Hollywood Reporter басылымына берген сұхбатында. 

Алайда ол әкесінің неден дүние салғанын ашып айтпады.

Variety сайтының хабарлауынша, америкалық продюсердің қатерлі ісік ауруынан көз жұмған.

Айта кетейік, Джон Ландау 1960 жылы 23 шілдеде Нью-Йоркте дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын 1980 жылдары кино өндірісінің менеджері ретінде бастады. Содан кейін ол "Бал, мен балаларды қысқарттым" (1989) және Дик Трейси (1990) фильмдерінің бірлескен продюсері атанды. 

Кейіннен Ландау Джеймс Кэмеронмен жұмыс істей бастады және Титаниктегі жұмысқа (1997) қосылып, осы фильмнің продюсері болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу