Авиация әкімшілігі әуе компанияларынан 5 мынан астам заңсыздық тапқан

1200

Бір жылда 6 оператордың лицензиясы тоқтатылды. 

Авиация әкімшілігі әуе компанияларынан 5 мынан астам заңсыздық тапқан

Қазақстан авиация әкімшілігі 2020 жылы елдегі әуе компанияларына 458 инспекциялық тексеру жүргізіп, 5 мыңнан астам заңсыздыққа тап болған, - деп хабарлайды inbusiness.kz . 

"Интерфакс Қазақстан" ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, осындай ақпарат таратты.

"2020 жылы өрескел заңсыздықтарды жою туралы ескертпені орындамай, жолаушылардың қауіпсіздігін қатерге тіккені үшін және әуе компанияларының талабы негізінде Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ  операторларының лицензиясы тоқтатылды", деп жазады комитеттің баспасөз қызметі. 

Атышулы Бек Эйр компаниясынан бөлек Sigma Airlines әуе компаниясы да жұмысын былтыр тоқтатыпты. 

"5 мың заңсыздықтың бәрін өрескел деп айтуға келмейді. Көбінесе қауіпсіздіктің екінші, үшінші дәрежедегі шаралары сақталмаған. Ал өрсекел олқылықтар табылса, ол жойылғанша әуе рейстеріне тоқтау салынады",  деп жазылған ресми мәліметте.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу